«Қайрат» Чемпиондар лигасында сырт алаңда «Сутьесканы» жеңді

ФК Кайрат

Фото: Arsenal FC

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, қарымта матчта Черногорияның «Сутьеска» командасын жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алғашқы ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан чемпионы Никшичте өткен жауапты кездесуде де сенімді ойын көрсетті. Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, алматылықтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Үзілістен кейін алаң иелері белсенділік танытқанымен, «Қайрат» қысымды еңсеріп, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.

70-минутта Бекболат қарсылас қақпашысы Владо Гиленнің қателігін пайдаланып, есеп ашты. 79-минутта «Сутьеска» Ражнатовичтің алаңнан қуылуына байланысты азшылықта қалды. Ал 82-минутта Жоржиньо қолмен ойнағаны үшін белгіленген пенальтиді сәтті орындап, матчтың қорытынды есебін – 2:0 етіп белгіледі.

Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Қайрат» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Келесі кезеңде алматылық клуб Кипрдің «Омония» командасымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр