Конор Макгрегор ММА тарихындағы үздік 10 файтердің тізімін жариялады

Фото: MMA Fighting
UFC ұйымының бұрынғы қос салмақ дәрежесіндегі чемпионы Конор Макгрегор аралас жекпе-жек тарихындағы ең үздік файтерлердің жеке рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. 37 жастағы ирландиялық өз тізімімен Complex YouTube арнасында бөлісті.
Макгрегор рейтингтің бірінші орнына өзін қойды. Екінші орынға UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Андерсон Силва, ал үшінші орынға ауыр салмақтағы әйгілі файтер Джон Джонс жайғасты. Алғашқы бестікке сондай-ақ Деметриус Джонсон мен Валентина Шевченко енді. Тізімнің қалған бөлігінде Аманда Нуньес, Ислам Махачев, Даниэль Кормье, Хабиб Нұрмағомедов және Александр Волкановски бар.
Макгрегордың толық рейтингі мынадай: 1. Конор Макгрегор, 2. Андерсон Силва, 3. Джон Джонс, 4. Деметриус Джонсон, 5. Валентина Шевченко, 6. Аманда Нуньес, 7. Ислам Махачев, 8. Даниэль Кормье, 9. Хабиб Нұрмағомедов, 10. Александр Волкановски.
12 шілдеге қараған түні Конор Макгрегор ұзақ үзілістен кейін октагонға қайта оралады. UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде ол жартылай орта салмақта америкалық Макс Холлоуэймен кездеседі.


