Конор Макгрегор 2026 жылдың жазында октагонға оралуды жоспарлап отыр

Конор Макгрегор

Фото: MMA Fighting

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор 2026 жылдың жазында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл ақпарат сот ісі аяқталғаннан кейін белгілі болды.

Мәлімдемені оның адвокаты Марк Лайнэм Артем Лобовпен болған даудың шешілгенінен кейін жеткізді. Ирландиялық спортшы енді жаттығуға толық көңіл бөлетінін айтты.

«Бұл мәселенің шешілгеніне қанағаттанамын, енді жаттығулар мен жазда өтетін жекпе-жекке назар аудара аламын. Артёмға виски бизнесімдегі еңбегі үшін алғыс айтамын», — делінген Макгрегордың сөзінде.

Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шыққан, сол кезде Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекте аяғын сындырып алған. Содан бері ол ресми айқастарға қатысқан жоқ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру