Мехонцев Бивол мен Смит жекпе-жегі туралы пікір білдірді
Олимпиада чемпионы, ресейлік Егор Мехонцев Дмитрий Бивол мен британдық Каллум Смит арасында жартылай ауыр салмақта (79,4 келіге дейін) WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтары үшін өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Мехонцев Смиттің жекпе-жектерін көрмегенін айтты. Дегенмен ол британдық боксшылардың оңай қарсылас емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, олар ерекше мәнерде жұдырықтасады, шыдамды әрі мінезді келеді. Сонымен қатар ресейлік боксшы америкалық қарсыластармен жұдырықтасу өзіне жеңілірек болғанын жеткізді.
«Бұл жекпе-жекте Бивол фаворит болады деп ойлаймын. Қызық кездесу болмақ. Оның үстіне, жекпе-жек 12 желтоқсанда, Конституция күні өтеді. Мұнда не жеңу керек, не өлу керек», – деді Мехонцев.
Еске салайық, Дмитрий Бивол мен Каллум Смит арасындағы кездесу 12 желтоқсанда Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы WBA, IBF және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.



