Ризабек Айтмұхан АҚШ-та өткен титулдық белдесуде Кайл Снайдерге есе жіберді

Ризабек Айтмухан

Ризабек Айтмухан

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан RAF лигасының чемпиондық белбеуін жеңіп ала алмады, АҚШ-та өткен титулдық белдесуде америкалық Кайл Снайдерге жол берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесу Филадельфиядағы RAF 08 турнирі аясында өтті.

Жартылай ауыр салмақтағы белдесу басында қазақстандық спортшы 6:0 есебімен алға шықты. Алайда кездесудің кейінгі бөлігінде Снайдер бастаманы өз қолына алып, есепті 12:6-ға дейін жеткізіп, жеңіске жетті және чемпиондық атағын қорғап қалды.

Кайл Снайдер қазіргі заманның ең титулды балуандарының бірі саналады. Оның еншісінде 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының алтын медалі және 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдесі бар. Сонымен қатар ол 2015, 2017, 2022 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған.

Ризабек Айтмұхан да халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ол 2023 жылы Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанып, 2023–2025 жылдар аралығында Азия чемпионаттарында қатарынан үш рет күміс жүлде иеленді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды