«Канело» мансабындағы ең қиын қарсыластарды атады. Тізімде Головкин де бар

Геннадий Головкин Сауль Альварес Канело

Фото: Getty Images

Екінші орта салмақта абсолют чемпион саналатын Сауль «Канело» Альварес мансабындағы ең қиын жекпе-жектерді еске алды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Мексикалық боксшының айтуынша, үш мықты қарсылас арасында қазақстандық Геннадий Головкин де бар. Олардың арасындағы үш айқас әлі күнге дейін заманауи бокстың ең тартысты жекпе-жектері саналады. Бірінші кездесу тең аяқталса, қалған екеуінде төрешілер жеңісті Альвареске берген еді.

Сондай-ақ, Канело Флойд Мейвезер мен Мигель Коттоны да өз мансабындағы ең қиын қарсыластар қатарына қосты.

Айта кетейік, келесі жекпе-жегін Альварес 13 қыркүйекте Лас-Вегаста Теренс Кроуфордқа қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жекте де абсолют чемпион атағы сарапқа салынады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар