Геннадий Головкин орта салмақта табыс бойынша рекордтың иесі атанды

Геннадий Головкин

Фото: Sports Illustrated

Қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкин кәсіби мансабы барысында шамамен 150 миллион АҚШ долларын табыс етіп, орта салмақ тарихындағы ең көп табыс тапқан спортшы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл деректер жекпе-жек гонорарларын, телетрансляциялардан түскен кірістерді және промоутерлік келісімшарттарды қамтитын ашық есептерге негізделген.

Головкиннің қаржылық көрсеткіші осы салмақта өнер көрсеткен өзге атақты боксшылардың табысынан айтарлықтай жоғары. Орта салмақтың бүкіл тарихында ешбір спортшы қазақстандық чемпионның деңгейіне жақындай алған жоқ. Бұл жағдай Геннадийдің тек спорттық жетістіктерімен ғана емес, оның жаһандық деңгейдегі коммерциялық ықпалымен де ерекшеленетінін көрсетеді.

Головкиннің көрсеткішіне ең жақын келген боксшылар ретінде америкалық Бернард Хопкинс пен Оскар Де Ла Хойя аталады. Ашық деректерге сәйкес, Хопкинс мансабы барысында шамамен 60 миллион доллар табыс тапса, Де Ла Хойяның кірісі 50 миллион доллар шамасында бағаланады. Алайда бұл сандардың өзі Головкиннің нәтижесінен бірнеше есе төмен.

Геннадий Головкин 2022 жылы кәсіби бокстағы мансабын аяқтады. Ол рингтегі жолында 45 жекпе-жек өткізіп, 42 рет жеңіске жетті, оның 37-сі нокаутпен аяқталды, бір кездесу тең нәтижемен аяқталып, екі рет жеңіліс тапты. Қазіргі таңда Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарып, бокстың дамуына басқарушылық деңгейде үлес қосып келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар