Сауль Альварес WBC белдігі үшін Кристиан Мбиллиммен жұдырықтасады

Сауль «Канело» Альварес

Сауль «Канело» Альварес. Фото: Getty Images

Мексикалық боксшы Сауль Альварес келесі жекпе-жегін франциялық камерундық Кристиан Мбиллиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Riyadh Season баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айқаста екінші орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігі сарапқа салынады. Ресми ақпаратқа сәйкес, кездесу қыркүйек айында Эр-Риядта өтеді.

Сауль Альварес бұған дейін екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған. Мексикалық боксшы кәсіби мансабында 63 жеңіске жеткен, оның 39-ын нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар оның еншісінде үш жеңіліс пен екі тең нәтиже бар.

Ал Кристиан Мбилли кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. Франция атынан өнер көрсететін боксшы 30 рет жеңіске жетіп, оның 24-інде қарсыласын нокаутқа түсірген. Тағы бір жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру