Евгений Павлов АҚШ-та жеңіске жетіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды

Евгений Павлов

Фото: Sm1.kz

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов АҚШ-тың Балтимор қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетіп, кәсіби рингке сәтті оралды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл оның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды.

Қазақстандық спортшы америкалық Антонио Дантон Эл-младшиймен кездесті. Екінші жеңіл салмақта өткен айқас алты раундқа жоспарланып, толық қашықтыққа созылды.

Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Павловқа берілді.

Осылайша, Павлов кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне жетіп, жеңіліссіз рекордын сақтап қалды — 11-0, 8 нокаут. Оның қарсыласы мансабындағы алтыншы жеңілісіне ұшырады.
Бұл жекпе-жек Павлов үшін 2023 жылдың мамыр айынан бергі алғашқы кездесу болды. Сол кезде ол мексикалық Кевин Родригес Гарсияны мерзімінен бұрын жеңген еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру