Қаршыға Дәуітбек Жапонияда қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Каршыга Даутбек. Фото: thomi40_sports/Instagram
Қазақстандық жартылай жеңіл салмақтағы файтер Қаршыға Дәутбек Жапонияның Хиросима қаласында өткен Rizin FF Landmark Vol. 15 турнирінде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық спортшы жапониялық Кэхэй Хагиварамен кездесті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Дәутбек қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша Қаршыға кәсіпқой ММА-дегі 19-жеңісіне қол жеткізсе, Хагивара мансабындағы 12-жеңілісіне ұшырады.
Бұған дейін Қаршыға Дәутбек соңғы рет 31 желтоқсанда Сайтамада жапониялық Юта Кубомен кездескен болатын. Сол жекпе-жек қарсыласының көзге саусақ сұғуынан кейін тоқтатылып, нәтижесі есепке алынбаған еді.



