Александр Бублик ATP рейтингінде 11-орнын сақтап қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында 11-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Галледегі турнирдегі сәтсіз нәтижеге қарамастан, қазақстандық теннисші үздік ондыққа өте жақын тұр.
Қазіргі таңда Бубликтің еншісінде 3020 рейтингтік ұпай бар. Ол әлемдік рейтингте 11-сатыда қалып отыр. Дегенмен Галледегі ATP 500 турнирінен кейін қазақстандық теннисші 400 ұпай жоғалтты. Еске салсақ, өткен жылы дәл осы жарыста Александр чемпион атанған болатын. Биыл ол алғашқы айналымда италиялық Маттиа Беллуччиден жеңіліп қалды.
ATP рейтингінің көшін италиялық Янник Синнер бастап тұр. Оның қоржынында 13 450 ұпай бар. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас орналасқан болса, үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндейді.
Қазақстандық басқа теннисшілер арасында Александр Шевченко 98-орынға төмендеді. Тимофей Скатов 176-сатыда тұр. Бейбіт Жукаев 318-орында, Денис Евсеев 463-орында, Дмитрий Попко 675-орында орналасқан. Ал Григорий Ломакин 11 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингтің 899-орнына жайғасты.
Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды
Астана алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
