Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» сенімді жеңіспен бастады

Елена Рыбакина

Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы матчында словениялық Вероника Эрьявецті 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Айта кетейік, словениялық теннисші негізгі кезеңге last direct acceptance мәртебесімен, яғни іріктеусіз өткен соңғы қатысушы ретінде енген болатын.

Екінші айналымда 26 жастағы Рыбакина украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.

Биылғы маусымда «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 72,8 миллион доллардан асады. Жекелей сындағы чемпион 3,3 миллион доллардан астам сыйақы алады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді
11 Окт - 18:14 Теннис
Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің төртінші айналымына шықты
11 Окт - 13:24 Теннис
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің негізгі кезеңіне шықты
09 Окт - 08:30 Теннис
Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды