Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

1779709117 1

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілдері Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Отандастарымыз топтық көпсайыста үздік үштіктен көрінді.

Бұл бағдарламада ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Қазақстандық гимнастар жарыс қорытындысы бойынша 52,85 ұпай жинады. Алтын медальді Өзбекстан құрамасы жеңіп алды – 53,95 ұпай. Қытай құрамасы 53,8 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс жүлде иеленсе, ұлттық құрама командалық көпсайыста да екінші орын алған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
11 Сен - 08:36 Басқа
Бибисара Асаубаева ресейлік шахматшыдан реванш алып, алғашқы жеңісіне жетті
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
07 Сен - 16:25 Басқа
Астана алғаш рет жағажай волейболынан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын қабылдайды
07 Сен - 15:05 Басқа
Айдана Құмартова Муджудағы Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
06 Сен - 13:11 Басқа
Қазақстан көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында Қырғызстанға есе жіберді
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
04 Сен - 16:30 Басқа
Қазақстан кокпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты
04 Сен - 15:05 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азиада-2026 қарсаңында Омбыдағы «Титан кубогына» қатысады
04 Сен - 13:45 Басқа
Қазақстан Азиада-2026-ға семсерлесуден 22 спортшымен қатысады
03 Сен - 18:30 Басқа
Ербол Мырзабосынов Қазақстанның туризм және спорт министрі қызметіне қайта тағайындалды