«Ахматта» Самородов пен Кенжебектің болашағына қатысты мәлімет айтылды

Максим Самородов

Максим Самородов. Фото: samorodov_10_

Спорт инсайдері Эльдар Аманбаев грозныйлық «Ахматтағы» өзгерістер мен Қазақстан құрамасының футболшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебектің болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, Ресей клубы жазғы трансфер кезеңінде жартылай қорғау шебін айтарлықтай өзгертуді жоспарлап отыр. «Ахмат» басшылығы Максим Самородов пен команда капитаны Лечи Садулаевты тиімді бағаға сатуды қарастырып жатыр.

Осындай өзгерістер аясында Ғалымжан Кенжебек үшін үлкен мүмкіндік ашылуы мүмкін. Жақында қазақстандық футболшы Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы голын соғып, махачкалалық «Динамомен» өткен матчта командасын жеңілістен құтқарып қалған еді. Келесі маусымда Кенжебек негізгі ойыншылардың біріне айналуы мүмкін деген болжам бар.

Қазіргі маусымда Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» сапында барлық турнирде алты матч өткізіп, бір гол соқты. Ал Максим Самородов 33 кездесуде бес гол мен тоғыз нәтижелі пас авторы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 18:28 Футбол
Қазақстан мен Фарер аралдары матчқа негізгі құрамдарын жариялады
06 Окт - 17:26 Футбол
Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады
06 Окт - 17:00 Футбол
Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы Еуро U-19 іріктеу матчтарына тағайындалды
06 Окт - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду Жорже Жезуш Португалия құрамасының бас бапкері болған кезде ұлттық құрамаға оралмайды
06 Окт - 15:06 Футбол
Этан Мбаппе «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
06 Окт - 10:45 Футбол
Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасына жеңіс әкелді
06 Окт - 09:15 Футбол
Венгрия Украина құрамасын жеңіп, Ұлттар лигасындағы топта екінші орынға көтерілді
06 Окт - 08:30 Футбол
Италия Түркияны жеңіп, Ұлттар лигасында екінші орынға көтерілді
05 Окт - 18:02 Футбол
Наурызбек Жагоров: «Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайынбыз»
05 Окт - 17:25 Футбол
Джон ван ’т Схип: «Бізге жеңіс керек, сондықтан шабуылда мүмкіндік іздеуіміз қажет»