Әлемдік чемпиондыққа бір қадам қалды: Ангелина Лукас рейтингте екінші орынға көтерілді

Ангелина Лукас

Ангелина Лукас. Фото: LightRocket via Getty Images

Кәсіпқой боксшы, жерлесіміз Ангелина Лукас аса жеңіл салмақта BoxRec.com нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте екінші орынға шықты. Бұған дейін үздік үштікте тұрған 28 жастағы спортшы соңғы жекпе-жектерінің нәтижесінде қарсыласын басып озды.

Енді Лукас абсолютті чемпион атағына басты үміткер атанып отыр. Бұл атаққа қол жеткізсе, ол қазақ боксы тарихында ерекше жетістікке жеткен санаулы спортшылардың бірі болмақ.

Қазір аса жеңіл салмақта абсолютті чемпион атағы 23 жастағы АҚШ спортшысы Габриэла Фундорада. Ол WBA, WBC, WBO және IBF белбеулерінің толық иегері.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар