Ангелина Лукас Таразда әлемдік белбеуін қорғайды

Ангелина Лукас

Ангелина Лукас. Фото: Alamy Live News

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас чемпиондық белбеуін қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Айтуынша, жекпе-жек 1 маусым күні оның туған қаласы Таразда өтпек.

Лукас бұл жолы чилилік спортшы Даниэла Асенхомен қолғап түйістіреді. Оның айтуынша, бұл – мансабындағы ең маңызды әрі жауапты кездесулердің бірі. Таразда тұңғыш рет осыншалық ауқымды халықаралық бокс кеші өтпек.

Ангелина кәсіпқой бокста 15 жекпе-жек өткізіп, оның 14-інде жеңіске жеткен. Бір рет жеңіліс тапқан. Соңғы жекпе-жегі ақпанда өтті – онда Лукас Боливия өкілі Есения Токоны екінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар