Роналду «Әл-Насрмен» келіссөзді тоқтатты

Криштиану Роналду

Фото: Getty Images

Криштиану Роналду «Әл-Насрмен» келісімшартты ұзарту жөніндегі келіссөздерді уақытша тоқтатты. Бұл туралы TeamTalk басылымы хабарлады. Жапонияның «Кавасаки Фронтале» командасынан жеңіліп, Азия чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін португалиялық шабуылшы болашағына қатысты күмәндана бастаған.

Клуб шабуылшыға 2026 жылға дейін созылатын келісімшарт пен 200 миллион еуро ұсынған. Алайда Роналду командадан нақты мақсат пен халықаралық аренада нәтижеге қол жеткізуге деген ұмтылыс көргісі келеді.

Қазіргі жасы 40-тағы футболшы тек ішкі біріншілікте емес, Азия чемпиондар лигасында да жүлдеге таласа алатын жобаның бір бөлігі болғысы келеді.

Биылғы маусымда Роналду 39 матчта 33 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Қолданыстағы келісімі 2025 жылдың маусымында аяқталады. Оның қазіргі нарықтық құны – 12 миллион еуро.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді