The Ring жаңартқан рейтинг: Усик көш бастап тұр, Канело шегінді

Александр Усик

Александр Усик. Фото: ATP

The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамай әлемнің үздік боксшыларын анықтайтын Pound-for-Pound рейтингін жаңартты, мұнда бірнеше өзгеріс болды.

Абсолют чемпион атанғанына қарамастан, Сауль Альварес Уильям Скалламен жекпе-жектен кейін жетінші орыннан сегізінші орынға сырғыды. Ал бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Девин Хейни Хосе Рамиресті жеңсе де, үздік ондықтан шығып қалды.

Бірінші рет үздік ондыққа WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дэвид Бенавидес енді. Рейтингтің көшін әлі де суперауыр салмақтағы бірыңғай әлем чемпионы Александр Усик бастап тұр, оның артынан Наоя Иноуэ мен Теренс Кроуфорд келеді.

The Ring нұсқасы бойынша үздік 10 боксшы:

1. Александр Усик (23-0, 14 КО)

2. Наоя Иноуэ (30-0, 27 КО)

3. Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО)

4. Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО)

5. Артур Бетербиев (21-1, 20 КО)

6. Джесси Родригес (21-0, 14 КО)

7. Дзюнто Накатани (30-0, 23 КО)

8. Сауль Альварес (63-2-2, 39 КО)

9. Кенширо Тераджи (25-1, 16 КО)

10. Дэвид Бенавидес (31-0, 15 КО)

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Апр - 14:10 Бокс
Иван Дычко Дана Уайт туралы пікір білдірді
21 Апр - 13:01 Бокс
Қазақстан бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңін үш жеңіспен бастады
20 Апр - 14:25 Бокс
Бокстан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
19 Апр - 22:41 Бокс
Қазақстан боксшылары Түркістандағы турнирде 25 медаль жеңіп алды
16 Апр - 16:34 Бокс
Бразилиядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
16 Апр - 13:44 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен жекпе-жекке келісім берді
16 Апр - 12:27 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді
15 Апр - 08:55 Бокс
IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастап, WBO титулын мойындамады
14 Апр - 13:55 Бокс
Қазақстандық боксшы 25 сәуірде АҚШ-та кәсіби рингке қайта оралады
14 Апр - 09:07 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының топ-5 қатарына енді