Мағжан Шамшадин Астанадағы Grand Slam жарысында қола жүлдегер атанды

Магжан Шамшадин

Магжан Шамшадин. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Астанада өткен Грэнд Слэм турнирінде қола жүлдегер атанды. 60 келі салмақта сынға түскен ол жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевқа жол берді.

Дегенмен, қола үшін өткен белдесуде Мағжан еңсесін тіктеп, француз Энцо Жанды жеңіп шықты. Бұл оның беделді турнирлердегі тәжірибесінің тағы бір дәлелі болды.

28 жастағы спортшының Грэнд Слэм турнирлеріндегі бұл бесінші медалі: ол 2023 жылы Астанада алтын алған, Душанбе-2023 додасында күміске ие болған, сондай-ақ Тель-Авив-2025 пен Тбилиси-2023 турнирлерінде де қола медаль еншілеген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 10:48 Күрес
Виктория Хусаинова әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда жеңілді
16 Окт - 09:15 Күрес
Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
13 Окт - 08:30 Жекпе-жек Күрес
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатының финалына шықты
12 Окт - 12:05 Күрес
ACA президенті 50 жауынгердің қысқаруына қатысты пікір білдіріп, Қадыровтың рөлін түсіндірді
11 Окт - 16:28 Күрес
Қазақстан құрамасы Бакудегі дзюдодан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды