Дмитрий Бивол Канело мен Скаллдың жекпе-жегін бағалады: «Жеңуге ұмтылмаған жекпе-жекті көру қызық емес»

Дмитрий Бивол

Дмитрий Бивол. Фото: Getty Images

Өткен демалыста Сауль «Канело» Альварес кубалық Уильям Скаллды жеңіп, екінші орта салмақта тағы да абсолют чемпион атанды. Бұл жеңіліс Скалл үшін кәсіпқой рингтегі алғашқысы болды.

Жекпе-жек туралы өз пікірін ресейлік боксшы Дмитрий Бивол білдірді. Fight Hub TV YouTube-арнасына берген сұхбатында ол Скаллдың белсенді болмағанын айтып, жекпе-жек қызық болмағанын жеткізді.

«Жеңуге ұмтылмаған жекпе-жекті көру қызық емес. Бірақ Канело үшін бұл оңай жекпе-жек болған жоқ, ол үнемі дәлдеп соғуға тырысты. Скалл соққы жасамады, бірақ оған дәл соққы жасау қиын болды. Оның қозғалысы жақсы екенін мойындау керек», – деді Бивол.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру