Бивол мен Бетербиев арасындағы үшінші шайқас қазан айында өтеді

Бивол vs Бетербиев

Бивол vs Бетербиев. Фото: Getty Images

Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы тарихи трилогияның шешуші жекпе-жегі биыл қазан айына жоспарланып отыр. Бұл туралы бокс инсайдері Дэн Рафаэль мәлімдеді. Рингке шығатын қос мықты үш бірдей чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.

Еске салайық, алғашқы кездесуде төрешілер шешімімен Бетербиев жеңіске жеткен. Ал 2025 жылдың ақпан айында өткен екінші айқаста дәл сондай шешіммен Бивол басым түсіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолют чемпион атанған еді. Екі жекпе-жек те Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен.

Алайда Бивол WBC ұйымының міндетті қарсыласы Давид Бенавидеспен кездесуден бас тартқаннан кейін чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Осылайша, Бенавидес жаңа чемпион ретінде танылды.

Енді бұл екеуінің арасындағы үшінші – әрі шешуші – кездесу өтпек. Көпшілік күткендей, ол тағы да Сауд Арабиясында ұйымдастырылады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады