Жанкүйерлер Канелодан Головкинмен қарымта жекпе-жекті талап етті

Сауль «Канело» Альварес

Сауль «Канело» Альварес. Фото: Getty Images

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (62-2-2, 39 КО) жанкүйерлері оның келесі қарсыласын талқылап, Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) төртінші жекпе-жекті өткізуін қалап отыр. Алайда Канело басқа шешім қабылдады.

4 мамырға қараған түні Альварес әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін кубалық Уильям Скуллмен (23-0, 9 КО) жұдырықтасады. Бірақ жанкүйерлер бұл жекпе-жекке көңілі толмай, оны Дэвид Бенавидес, Дмитрий Бивол немесе Головкинмен көргісі келетінін жеткізді, деп жазады bolavip.com.

Айта кетейік, Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) – жартылай ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) болса Канелоны жеңген екі боксшының бірі. Ал Альварес пен Головкин үш рет рингке шыққан: алғашқысында тең түсті, қалған екеуінде жеңіс мексикалықтың еншісінде болды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады