«Жәнібек – орта салмақтың үздігі»: Лиам Смит қазақстандық чемпионды мақтады

Лиам Смит

Лиам Смит

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Лиам Смит қазіргі салмақ дәрежесіндегі үздіктер туралы ойын айтты. Оның пікірінше, бұл дивизионда Жәнібек Әлімханұлына тең келетін боксшы жоқ.

36 жастағы британдық спортшы рингке қайта оралуға дайындалып жатыр. Келесі қарсыласы – жеңіліп көрмеген ирландиялық Аарон Маккенна. Біршама үзілістен кейін Смит әлі де орта салмақта жарқырауға дайын екенін айтты.

Сонымен қатар ол қазақстандық чемпионның мықтылығын да ерекше атап өтті.

«Қазір бұл салмақ бос сияқты, тек Жәнібек бар. Ол мүлде басқа деңгейде. Нағыз бабында жүрген кезін алсақ, ол – орта салмақтағы ең үздік боксшы. Ол Адамес пен Лараны да жеңеді», – деді Смит The Ring басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астанада WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарын қорғайды. Қарсыласы – франциялық Анауэль Нгамиссенга.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады