Жәнібек Әлімханұлы: Мақсат – барлық белбеуді жинап, Канелоны жеңу

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жоспарларын жариялады. Әлемдік аренада беделі артып келе жатқан боксшы X әлеуметтік желісінде екі басты мақсатын атап өтті.

«Екі мақсат бар. Біріншісі – орта салмақтағы барлық белбеуді жинау. Екіншісі – Канеломен жұдырықтасып, оны жеңу. Болды», – деп жазды Жәнібек.

2025 жылдың сәуірінде Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, белбеулерін сәтті қорғап шықты. Қазір ол WBC чемпионы Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегі туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Ал «Канело» Альварес суперорта салмақта өз үстемдігін жалғастырып келеді. Мексикалық боксшы 3 мамырда Эр-Риядта кубалық Уильям Скаллмен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру