Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен айқасқа дайын екенін мәлімдеді

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) осы дивизионда WBA чемпионы болып отырған кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Әлімханұлының басты мақсаты өзгермеген — төрт негізгі белбеуді жинап, абсолютті чемпион атану. «Құдай қаласа, төрт белбеуді бір жерге жинап, көк туымызды биік көтеремін, тарихта қалар сәт туады! Бәрінің өз уақыты бар — төзім жеңіске жеткізеді!», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Жанкүйерлердің бірі Ларамен мүмкін жекпе-жек туралы сұрағанда, Жәнібек қысқа ғана жауап қайтарды: «Егер ол келіссе, ешқандай мәселе жоқ».

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру