Жәнібек Әлімханұлы ең техникті боксшы атанды

Жанибек Алимханулы

Фото: Личный архив

IBF және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы ең техникті боксшылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Бұл тізімді беделді Vringe.com порталы жасаған.

Сарапшылар қазақ боксшысын көрерменге ұнайтын мәнері мен жоғары техникалық шеберлігі үшін бірінші орынға қойған. Дегенмен, Әлімханұлына әлі де өз әлеуетін толық көрсетуге қарсыластарының деңгейі мүмкіндік бермей отырғанын атап өтті.

«Жылдар зымырап барады, ал Жәнібекке қарсы шығатын боксшылар деңгейі әлі де төмен. Мұндай дарынды спортшының үлкен ареналардан тыс қалып қоюы – өкінішті жағдай», – деп жазады портал.

Рейтингтің екінші сатысында – тәжірибелі кубалық боксшы Эрисланди Лара. Ол соңғы жылдары тактикалық дәлдікке ден қойып, қарсы шабуылдаушы ретінде танылған. Ал үздік үштікті Кирон Дэвис түйіндеп тұр. Сарапшылар оның техникалық қарымына баса мән беріп, шахматтай күрделі жекпе-жектерде өте қауіпті қарсылас екенін атап өткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру