Семсерлесуден Қазақстан Азия чемпионатында күміс алды

Шпажисты

Фото: НОК РК

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Финалдық бәсеке Индонезиядағы Бали аралында өтті. Қазақстан құрамасы жапондармен кездесіп, тартысты кездесуде жеңісті қарсыласқа беріп қойды.

Ойын 45:39 есебімен Жапония пайдасына аяқталды. Осылайша, еліміздің спортшылары құрлықтық додада екінші орынға табан тіреді.

Күміс жүлде иегерлері – Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай. Айта кетейік, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиаданың финалына дейін жетіп, онда Венгриядан ұтылған болатын.

Бұл – Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші медалі. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сынның қола жүлдесін жеңіп алған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды