Уразбахтин «Олимпиакоспен» өтетін матч алдындағы ойымен бөлісті

Рафаэль Уразбахтин

Фото: BSR Agency

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 9 желтоқсанда Астанада өтетін Чемпиондар лигасының «Олимпиакосқа» қарсы ойыны алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесу «Астана Аренада» өтеді және жалпы кезеңдегі алматылық клубтың соңғы матчы болмақ.

Уразбахтин қарсыластың деңгейін жан-жақты сипаттап, оның күшті клуб екенін атап өтті. Бапкердің айтуынша:

«Біз қарсыластың күшін жақсы түсінеміз, бұл өте мықты клуб. Біз оларды өте жақсы зерттедік, чемпионат пен Чемпиондар лигасындағы көптеген ойындарын қарадық. Команданың нәтижелері бәрін өздері-ақ көрсетеді». Сондай-ақ ол матчтың маңызын айрықша атап өтті: «Қарсылас қаншалықты мықты болса — біз үшін соғұрлым жақсы. Өйткені мұндай матчтар — біздің емтиханымыз».

Составқа қатысты сұрақтарға жауап берген Уразбахтин Дастан Сатпаевтың алдағы кездесуге қатыса алмайтынын растады:

«Иә, бізде Дастан жоқ, бұл біз үшін сезілерлік шығын. Қысқа уақыт ішінде ол команда лидері мен негізгі ойыншысына айналды, және оның жетіспеуі анық байқалады». Сонымен қатар ол Георгий Зарияның соңғы матчтағы жақсы ойынын атап өтті: «Георгий соңғы ойында алаңға шығып, жақсы ойын көрсетті, екінші голға қатысып үлес қосты».

Бес тур нәтижесі бойынша «Кайрат» бір ұпаймен 35-орында, ал «Олимпиакос» екі ұпай жинап, 33-орында тұр. Алдағы матч командалардың жалпы кезеңдегі қорытынды позициясын анықтайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру