Виктор Теміров Германияда жекпе-жек өткізеді

Виктор Темиров

Виктор Темиров. Фото: BoxRec

Қазақстандық боксшы Виктор Теміров келесі жекпе-жегінің күнін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол 1 мамыр күні Германияның Гамбург қаласында венесуэлалық Карлос Риверомен кездеседі.

Қарсыласының көрсеткіші — 32 жеңіс, 12 жеңіліс және бір тең нәтиже. Ал Теміров жеңіліссіз келе жатыр — 10 жеңіс, оның жетеуі нокаутпен аяқталған.

Боксшы жекпе-жекке дайындық туралы әлеуметтік желіде жазды. «Достар, бәріне сәлем. Қазір соңғы жаттығуымды жасап жатырмын, бүгін түнде Германияға ұшамын. Алдағы жекпе-жекке. Бұған дейін кейбір мәселелер болды, сондықтан жарияламадым. Қазір бәрі жақсы. 1 мамырда Гамбургте 11-жекпе-жегімді өткіземін», — деп жазды ол.

Бұл кездесу Теміров үшін ақпан айынан бергі алғашқы жекпе-жек болады. Сол кезде ол Доменик Арнольдты мерзімінен бұрын жеңіп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты
14 Сен - 10:45 Бокс
Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
11 Сен - 16:30 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің тағдыры жаңа кезеңге өтті
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр
26 Авг - 13:45 Бокс
Шираз Алимханұлына қарсы міндетті жекпе-жек алдында WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін
24 Авг - 16:22 Бокс
Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокста титул үшін жекпе-жекпен дебют жасайды
04 Авг - 17:55 Бокс
Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды
02 Авг - 15:20 Бокс
Рэймонд Мураталья IBF чемпионы атағын сәтті қорғады
02 Авг - 11:02 Бокс
Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді