Transfermarkt Еуропаның топ-5 лигасындағы ең жоғары жалақы алатын футболшылар рейтингін жариялады

Эрлинг Холанд

Фото: Getty Images

Transfermarkt порталы Еуропаның бес жетекші чемпионатындағы ең жоғары жалақы алатын футболшылардың жаңартылған тізімін ұсынды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Рейтингке Англия, Испания, Германия, Италия және Франция біріншіліктерінде өнер көрсететін ойыншылар енді.

Тізімнің көшін «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд бастап тұр. Оның жылдық табысы 31,6 миллион еуроны құрайды. Екінші орында мадридтік «Реалдың» форварды Килиан Мбаппе орналасқан, оның жылдық жалақысы 31,3 миллион еуро.

Үшінші орынды бірден екі футболшы бөлісіп тұр. «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн мен «Реалдың» вингері Винисиус Жуниор жылына 25 миллион еуро алады. Бесінші орында «Ливерпуль» форварды Мохамед Салах тұр, оның табысы 24,1 миллион еуроға тең.

Осылайша, мадридтік «Реал» алғашқы бестікке бірден екі ойыншысын енгізген жалғыз клуб болды. Рейтинг Еуропадағы жетекші футболшылардың келісімшарттық табыстарының деңгейін көрсетеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
15 Фев - 14:33 Футбол
Transfermarkt Еуропаның топ-5 лигасындағы ең жоғары жалақы алатын футболшылар рейтингін жариялады
15 Фев - 11:11 Футбол
Максим Самородов «Ахматтағы» Ғалымжан Кенжебектің ауысуы туралы пікір білдірді
14 Фев - 15:49 Футбол
Абат Айымбетовтың «Петролул» клубындағы жалақысы туралы мәлімет жарияланды
14 Фев - 14:01 Футбол
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы 2026/27 маусымында 1,125 миллион еуро алады
13 Фев - 11:00 Футбол
Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық матч өткізеді
12 Фев - 22:45 Футбол
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы 2026/27 маусымындағы қарсыластарын білді
11 Фев - 11:48 Футбол
Ислам Чесноков негізгі құрамда дебют жасап, «Хартс» жеңіске жетті
08 Фев - 18:09 Футбол
Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатына шақырылмаса, мансабын аяқтауы мүмкін
07 Фев - 14:03 Футбол
Халк «Ақтөбенің» ұсынысын қабылдамай, рекордтық жалақы талап етті
07 Фев - 11:11 Футбол
Астанада 2026 жылы «Жеңіске» арналған жаңа футбол стадионы ашылады