ФИФА әлем чемпионатын 64 командаға дейін кеңейтуді қарастыруда

Чемпионат мира

Фото: FIFA

ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 64-ке дейін арттыру мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ұйым ішінде турнир форматын өзгерту мәселесі қарастырылуда.

Бұл бастамаға қатысты пікірлер әртүрлі. Кейбіреулер ойыншылардың жүктемесі мен күнтізбенің тығыздығына алаңдаса, енді бірі бұл ұсынысты қолдай бастады. Бұған дейін осындай идеяны КОНМЕБОЛ ұсынып, оны әлем чемпионатының 100 жылдығымен байланыстырған еді. Сол кезде ФИФА президенті Джанни Инфантино нақты шешім қабылдамай, мәселені ашық қалдырған болатын.

Қазіргі таңда 2026 жылғы әлем чемпионаты 48 командамен өтеді, онда Еуропаға 16 жолдама берілген. Егер қатысушылар саны 64-ке дейін артса, УЕФА-ға бөлінетін квота шамамен 20–22 орынға дейін көбеюі мүмкін. Бұл іріктеу кезеңдерінің құрылымына әсер етеді.

Мұндай жағдайда әлем чемпионатына жолдама алу бәсекесі жеңілдеуі ықтимал. Орта деңгейдегі құрамалар үшін финалдық кезеңге шығу мүмкіндігі артады. Осындай командалардың қатарында Қазақстан құрамасы да қарастырылады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»