Теннисші Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп, Australian Open турнирінің жартылай финалына өтті

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: Пресс-служба ФТК

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан Australian Open-2026 халықаралық турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда қазақстандық теннисші польшалық Ига Швёнтекпен кездесті. Нәтижесінде Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда Елена Рыбакина Джессика Пегула (АҚШ) мен Аманда Анисимова (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру