2026 жылғы Олимпиадаға қанша қазақстандық қатысады және олар қай спорт түрлерінде бақ сынайды

Денис Никиша

Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына екі аптаға да жетер-жетпес уақыт қалды. Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды.

Алдағы Олимпиадада ел намысын 36 спортшы қорғайды. Олар спорттың он түрі бойынша жүлделерге таласады.

1769490025

Биатлон

– Владислав Киреев

– Әсет Дүйсенов

– Милана Генева

– Айша Ракишева

1769490114

Тау шаңғысы

– Ростислав Хохлов

– Александра Скороходова

1769490165

Конькимен жүгіру спорты

– Евгений Кошкин

– Надежда Морозова

– Кристина Силаева

– Арина Ильященко

– Елизавета Голубева

1769490333

Шаңғы жарысы

– Наиль Башмаков

– Виталий Пухкало

– Әмірғали Мұратбеков

– Надежда Степашкина

– Дарья Ряжко

– Ксения Шалыгина

– Анна Мельник

1769490415

Шаңғы қоссайысы

– Шыңғыс Ракпаров

1769490464

Шаңғымен тұғырдан секіру

– Илья Мизерных

– Данил Васильев

1769490509

Мәнерлеп сырғанау

– Михаил Шайдоров

– Софья Самоделкина

1769490539

Фристайл-акробатика

– Шерзод Хаширбаев

– Асылхан Асан

– Роман Иванов

– Дінмұхамед Райымқұлов

– Аяна Жолдас

1769490760

Фристайл-могул

– Павел Колмаков

– Анастасия Городко

– Юлия Галышева

– Аяулым Әмренова

1769490791

Шорт-трек

– Абзал Әжғалиев

– Денис Никиша

– Яна Хан

– Ольга Тихонова

Сонымен қатар бапкерлер спортшылардың нақты қай дисциплиналарға қатысатынын бекітті.

Биатлонда Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Ракишева спринтте, жекелей жарыста, сондай-ақ аралас эстафетада өнер көрсетеді.

1769490893

Жекелей жарыстардағы нәтижелерге байланысты олар масс-старт пен із кесу сайысына қатысу құқығына ие болуы мүмкін.

Тау шаңғысында Ростислав Хохлов слалом және алып слаломда бақ сынайды. Александра Скороходова бұл екі дисциплинамен қатар өте алып слаломда жарысқа түседі.

Конькимен жүгіруде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта ел намысын қорғайды. Әйелдер арасында Қазақстан бірнеше қашықтықта өнер көрсетеді.

1769490930

– 500 метр: Кристина Силаева, Арина Ильященко

– 1000 метр: Надежда Морозова, Елизавета Голубева

– 1500 метр: Надежда Морозова, Елизавета Голубева

– 3000 метр: Надежда Морозова, Елизавета Голубева

– 5000 метр: Надежда Морозова

– Масс-старт: Елизавета Голубева

Сондай-ақ Қазақстан әйелдер арасындағы командалық із кесу жарысына үш спортшыдан жасақталған құраммен қатысады.

Шаңғышыларды да қарқынды жарыс кестесі күтіп тұр. Скиатлонда Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков, Надежда Степашкина, Дарья Ряжко және Ксения Шалыгина бақ сынайды.

1769491021

Спринтте Виталий Пухкало, Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков, Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко жарыс жолына шығады. Аталған спортшылар жекелей сайысқа да қатысады. Командалық спринтте Виталий Пухкало, Әмірғали Мұратбеков, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко ел намысын қорғайды.

Масс-стартта Виталий Пухкало, Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Надежда Степашкина, Анна Мельник және Ксения Шалыгина өнер көрсетеді. Сондай-ақ әйелдер құрамасы эстафеталық жарысқа қатысады. Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар жекелей сынға тіркелген.

Шаңғымен тұғырдан секіруде ұлттық құрама орта және биік тұғырлардан секіретін болады. Ал шаңғы қоссайысында Шыңғыс Ракпаров орта тұғырдан секіру + 10 шақырымдық жарыс, сондай-ақ үлкен тұғырдан секіру + 10 шақырымдық жарыс дисциплиналарына қатысады.

1769491100

Могулшылар жекелей және параллель могулда жүлделерге таласады. Фристайл-акробатика құрамасы жекелей сайыстан бөлек, аралас командалық жарыста да сынға түседі.

Шорт-тректен 500 метр қашықтықта Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан өнер көрсетеді. Сонымен қатар Денис Никиша мен Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта да бақ сынайды.

Ал Ольга Тихонова мен Яна Хан 1500 метр қашықтықтағы сайысқа тіркелген. Сонымен бірге Қазақстан аралас эстафетаға (2 ер + 2 әйел) қатысады.

1769491282

2026 жылғы Олимпиаданың салтанатты ашылуы 6 ақпанда өтеді. Қазақстанның Мемлекеттік туын Денис Никиша мен Аяулым Әмренова ұстап шығады.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Фев - 19:10 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін өзінің шыққан тегі туралы пікір білдірді
14 Фев - 17:04 Басқа
Қазақстандық могулшылар Олимпиада-2026 жарысын аяқтады
14 Фев - 13:11 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиада алтыны үшін 250 мың доллар көлемінде сыйақы алады
14 Фев - 11:41 Басқа
Михаил Шайдоров: Олимпиада чемпионы атанғаныма әлі де сене алар емеспін. Медальді Қазақстан халқына арнаймын
14 Фев - 09:10 Басқа
Қазақстан құрамасы Олимпиада-2026 медаль кестесінде 15-орынға көтерілді
14 Фев - 08:38 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиададағы Қазақстан медаль қорын толықтырды
14 Фев - 03:28 Басқа
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
11 Фев - 10:00 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 ойындарында еркін бағдарламаға өтті
10 Фев - 08:00 Басқа
Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс кестесі
08 Фев - 21:43 Басқа
Қазақстан құрамасы Олимпиаданың екінші күнін жүлдесіз аяқтады