Рыбакина WTA live-рейтингісінде екінші орынға көтерілді

Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан турнирдегі нәтижелі ойынынан кейін WTA live-рейтингісінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Рейтингтегі бұл өзгеріс оның турнирдің ширек финалындағы жеңісінен кейін тіркелді.

Жартылай финалға шығу үшін өткен матчта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Кездесу екі сетте аяқталды. Бірінші партияда Рыбакина 6:1 есебімен басым түсті. Екінші сет тай-брейкке дейін созылып, қазақстандық спортшы 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Live-рейтингіде орындардың өзгеруіне тағы бір ширек финал матчының нәтижесі де әсер етті. Бұған дейін екінші орында тұрған польша теннисшісі Ига Швёнтек украиналық Элина Свитолинаға есе жіберді. Осы нәтижеден кейін Рыбакина 7523 ұпаймен рейтингтің екінші сатысына көтерілді.

Қазіргі уақытта WTA рейтингінің көшін Беларусь өкілі Арина Соболенко бастап тұр. Оның еншісінде 10415 ұпай бар. Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакина дәл осы Элина Свитолинамен кездеседі. Қазақстандық теннисші жарысты жалғастырып, финалға жолдама үшін күреседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Июл - 10:55 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалды
26 Июл - 16:43 Теннис
Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты