«Шоу да болады, нокаут та, қан да». Жәнібек Әлімханұлы «Qazaq style»-ды қалай түсіндіреді?

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

Орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенгпен өтетін жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында «Qazaq style»-ға қатысты пікір білдірді. Журналист сұрағына жауап берген ол бұл фразаның астарында не жатқанын ашық айтты.

— Біз шаршы алаңға жай ғана шығатын боксшылар емеспіз. Қажет болса алға да, артқа да шегінеміз, кейде мүлде қимылсыз тұрып, соққы жасап, қорғана аламыз. Міне, бұл — қазақтың стилі, — деді Жәнібек.

Ол жанкүйерлерге тартысты айқас уәде етті. «Шоу болады, нокаут болады, қан болады» деген Әлімханұлы жекпе-жекке тыңғылықты дайын екенін байқатты.

Айқас 5 сәуір күні Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Жәнібек бұл жолы да Qazaq style-ды әлемге тағы бір мәрте паш етпек.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Апр - 14:10 Бокс
Иван Дычко Дана Уайт туралы пікір білдірді
21 Апр - 13:01 Бокс
Қазақстан бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңін үш жеңіспен бастады
20 Апр - 14:25 Бокс
Бокстан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
19 Апр - 22:41 Бокс
Қазақстан боксшылары Түркістандағы турнирде 25 медаль жеңіп алды
16 Апр - 16:34 Бокс
Бразилиядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
16 Апр - 13:44 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен жекпе-жекке келісім берді
16 Апр - 12:27 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді
15 Апр - 08:55 Бокс
IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастап, WBO титулын мойындамады
14 Апр - 13:55 Бокс
Қазақстандық боксшы 25 сәуірде АҚШ-та кәсіби рингке қайта оралады
14 Апр - 09:07 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының топ-5 қатарына енді