Сәкен Бибосынов кәсіпқой боксқа қадам басады

olympic games paris 2024 boxing scaled 1

Қазақстан құрамасының белді мүшесі Сәкен Бибосынов 20 шілде күні Бішкекте алғашқы кәсіпқой жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сатжанов «Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Сатжановтың сөзінше, Сәкенді Қырғызстандағы халықаралық турнирге шақырған. Онда өзбекстандық олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов пен жергілікті жүлдегер де өнер көрсетеді. «Сәкен жақсы бала, өзі келіп рұқсат сұрады, мен келісім бердім», – деді бапкер.

Бибосыновтың қарсыласы — 24 жастағы филиппиндік Кристиан Легане. Оның кәсіби рингтегі көрсеткіші: 6 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең ойын.

Сол кеште шаршы алаңға Хасанбой Дусматов та шығады. Ол алты жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Қарсыласы – филиппиндік Ричард Ласпона.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар