«Лион» бірінші лигадағы орнынан айырылды

Лион

Фото: Getty Images

Францияның жеті дүркін чемпионы «Лион» екінші дивизионға түсірілді, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Мұндай шешімді елдегі кәсіби клубтардың қаржысын қадағалайтын DNCG ұйымы қабылдады.

2024 жылдың қарашасында-ақ DNCG клуб басшылығына ескерту жасап, қаржылық жағдайды реттемесе, Лига 1-ден шеттетілетінін хабарлаған. Маусымды алтыншы орында аяқтап, Еуропа лигасына жолдама алғанымен, бұл жазаға тосқауыл бола алмады.

Ұйым «Лионның» бюджеті жоғарғы лига талабына сай емес деп шешіп, команданы Лига 2-ге жіберді. Енді клуб жаңа маусымды екінші деңгейде бастайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру