Михаил Кукушкин Мальоркадағы турнирмен қоштасты

Михаил Кукушкин, теннис

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Мальоркада өтіп жатқан ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде жарысты аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Тәжірибелі спортшы алғашқы матчында Босния және Герцеговина өкілі Дамир Джумхурға есе жіберді.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Кукушкин әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Джумхурмен кездесті. Матч 1 сағат 15 минутқа созылып, босниялық теннисшінің 6:2, 6:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Кездесу барысында қазақстандық теннисші бір брейк жасап, үш рет қос қателік жіберді. Ал оның қарсыласы үш эйс орындап, бес брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Осы нәтижеден кейін екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп Дамир Джумхурдың пайдасына 5:3 болды.

Айта кетейік, бұл Михаил Кукушкиннің кәсіби мансабындағы соңғы турнирлерінің бірі саналады. Бұған дейін 38 жастағы теннисші қазан айында Алматыда өтетін ATP 250 Almaty Open жарысынан кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Сонымен қатар жуырда ол Испанияның Марбелья қаласында өзінің теннис академиясын ашты. Ал Дамир Джумхур турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін америкалық Закари Свайдамен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды