«Реал» Винисиусты 300 миллион еуроға сатуға дайын

Винисиус Жуниор

Винисиус Жуниор. Фото: Europa Press via Getty Images

«Реал» Винисиус Жуниорды осы жазда сатып жіберуге қарсы емес. FootballTransfers мәліметінше, егер мадридтік клуб 300 миллион еуро көлемінде ұсыныс алса, трансфер жүзеге асуы мүмкін.

Бразилиялық шабуылшыға Сауд Арабиясының командалары – «Аль-Ахли» мен «Аль-Наср» қызығушылық танытып отыр. Олар Винисиуске Криштиану Роналду алғандай жалақы ұсынуға дайын – жылына 200 миллион еуро. Ал «Реалмен» жаңа келісімшарт жөніндегі келіссөздер баяу жүріп жатыр, бұл жағдай ойыншының кету ықтималдығын күшейте түсті.

Егер Винисиус расымен сатылса, «Реал» түскен қаржыны жаңа жұлдыздарды сатып алуға жұмсауы мүмкін. Олардың қатарында «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд та бар. Биылғы маусымда Винисиус 37 ойында 18 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Оның қазіргі келісімі 2027 жылға дейін жарамды. Бірақ клубпен арадағы қарым-қатынастың нашарлауы бразилиялық футболшының «Сантьяго Бернабеу» стадионын жақын арада тастап кетуіне себеп болуы ғажап емес.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді