ПСЖ «Астон Вилланы» жеңіп, УЕФА Суперкубогын екінші рет алды
«Пари Сен-Жермен» УЕФА Суперкубогы-2026 финалында ағылшынның «Астон Вилласын» 2:1 есебімен жеңіп, тарихи трофейді екінші рет иеленді.
Париждік клуб 20-минутта есеп ашты. Дезире Дуэнің пасынан кейін Хвича Кварацхелия қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста «Астон Вилла» таразы басын теңестірді. Ағылшын клубының 17 жастағы ойыншысы Брайан Маджо дебюттік кездесуінде гол соқты.
Екінші таймда ПСЖ қайтадан алға шықты. 61-минутта Дезире Дуэ шабуылды өзі аяқтап, париждіктерге жеңіс сыйлады. Осылайша француз шабуылшысы матчтың үздігі атанып, бір гол мен бір нәтижелі пасқа ие болды.
Бұл ПСЖ үшін УЕФА Суперкубогындағы екінші жеңіс болды. Париждік клуб алғашқы трофейін 2025 жылы жеңіп алған еді. Сол кезде француздар негізгі уақытта 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында «Тоттенхэмді» 4:3 есебімен жеңген.



