Санжар Сатановқа РПЛ клубы қызығушылық танытуда
«Атырау» клубының қорғаушысы және Қазақстан құрамасының ойыншысы Санжар Сатановқа Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін «Факел» клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Воронеждік клуб 24 жастағы футболшыны қорғаныс шебін күшейтуге негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастыруда. Клуб өкілдері оның ойынын маусым бойы бақылап келеді.
Айта кетейік, «Факел» жаңа маусымды сәтсіз бастап, алғашқы матчтардың барлығында жеңіліс тапты. Осыған байланысты команда құрамды күшейту жолдарын қарастырып жатыр.
Биылғы маусымда Сатанов «Атырау» сапында барлық турнирде 19 матч өткізді. Оның тұрақты ойыны Қазақстан ұлттық құрамасына алғаш рет шақырту алуына мүмкіндік берді – ол Армения мен Венгрияға қарсы ойындарға шақырылған.



