Қамшыбек Қоңқабаев рингке қайта оралатынын мәлімдеді

Камшыбек Конкабаев

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев рингке қайта оралатынын айтып, жақын күндері Черногорияда жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл кездесу оның үзілістен кейінгі алғашқы айқастарының бірі болмақ.

Боксшының айтуынша, бастапқы жоспар өзгерген. «Апта соңында Черногорияда рингке шығамын. Бұл күтпеген жекпе-жек, бірақ біз әрдайым дайынбыз. Мамыр айының соңындағы жекпе-жекке дейінгі тағы бір сынақ», — деді Қамшыбек Қоңқабаев.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжанов оның мансабын аяқтағанын айтқан болатын. Алайда Қамшыбек Қоңқабаев бұл ақпаратты жоққа шығарып, әлі де өнер көрсететінін нақтылады.

Қамшыбек Қоңқабаев — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ оның қоржынында әлем чемпионаттарының екі күміс және Азия чемпионаттарының төрт жүлдесі бар.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру