«Қайрат» «Приштинаны» ойсырата жеңіп, футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Кайрат

Фото: Новое Поколение

Алматының «Қайрат» футзал командасы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі соңғы ойында Косовоның «Приштина» клубын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Осы нәтижеден кейін Даниэль Жуниор жаттықтыратын алматылықтар топтық кезеңді екінші орынмен аяқтап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бірінші таймда Биржан Оразов пен Кевин Аррьета қарсылас қақпасына гол соғып, «Қайратқа» басымдық әкелді. Екінші тайм басында Ромуло өз қақпасына гол енгізіп алды, бірақ көп ұзамай Оразов дубль жасап, басымдықты қайта арттырды. Кездесудің нүктесін Атирсон қойып, матч 4:1 есебімен аяқталды.

Бұған дейін алматылықтар хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен жеңіп, португалиялық «Спортингтен» 2:7 есебімен ұтылған еді. Үш тур қорытындысы бойынша «Қайраттың» еншісінде алты ұпай бар және команда 4-топта екінші орын иеленіп, 1/8 финалға екінші себеттен қатысатын болды.

Футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі 2026 жылдың көктемінде өтеді. «Қайраттың» қарсыласы желтоқсанда өтетін жеребеде анықталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Ноя - 11:31 Футбол
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы ӘЧ іріктеу кезеңіндегі ойындарын толық аяқтады
16 Ноя - 09:21 Футбол
Роберт Левандовски қыста «Барселонадан» кетуді жоспарлап отырған жоқ
15 Ноя - 22:24 Футбол
Талғат Байсуфинов Қазақстан – Бельгия матчының қорытындысы бойынша пікір білдірді
15 Ноя - 20:50 Футбол
Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Бельгиямен тең ойнады
14 Ноя - 12:21 Футбол
«Қайрат» чемпионат пен Чемпиондар лигасының ойындарын өткізетін аренаны жариялады
14 Ноя - 10:11 Футбол
Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасына оралу туралы ұсыныс алғанын айтты
14 Ноя - 08:26 Футбол
Франция құрамасы Украинадан басым түсіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
13 Ноя - 11:54 Футбол
Асхат Тағыберген жаңа туған ұлына Қайсар деп ат қойды
13 Ноя - 09:56 Футбол
Александр Седнев Павлодардың «Ертіс» клубын жаттықтыру ұсынысын алды
13 Ноя - 08:52 Футбол
«Қайраттың» жас шабуылшысына Ресейдің көшбасшы клубтары қызығушылық танытып отыр