«Қайрат» пен «Семей» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

«Семей»

«Семей»

Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтті аяқтап, плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алматылық «Қайрат» А4 тобында Португалияның «Спортингімен», Косовоның «Приштинасымен» және Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен бірге ойнады. Даниэль Жуниордың шәкірттері «Ново Вриемені» (3:2) және «Приштинаны» (4:1) жеңіп, тек «Спортингтен» (2:7) ұтылды. Алты ұпай жинаған алматылықтар топта екінші орын алып, 1/8 финалға екінші себеттен қатысады.

Ал «Семей» А2 тобында Испанияның қазіргі чемпионы «Пальмамен», Францияның «Этуалімен» және Чехияның «Хрудимімен» бақ сынады. Команда үш ұпай жинап, «Хрудимді» (9:5) жеңіп, «Этуальге» (3:4) және «Пальмаға» (4:7) есе жіберді. Осы нәтижемен семейліктер топта үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті.

Негізгі кезеңнің A жолында әр топтан үш үздік команда келесі айналымға шығады. 1/8 финалдың жеребесі желтоқсанда өтеді, ал плей-офф ойындары 2026 жылдың көктемінде ұйымдастырылады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
19 Май - 09:26 Футбол
Карло Анчелотти Неймардың Бразилия құрамасы үшін маңызын айтты
19 Май - 08:23 Футбол
Неймар Бразилия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне енді
18 Май - 12:06 Футбол
Ислам Чесноковқа «Хартстың» негізгі құрамына ену үшін қандай қасиеттер қажет екені айтылды
18 Май - 10:19 Футбол
Нұралы Әліп «Зенитпен» бірге төртінші рет Ресей чемпионы атанды
18 Май - 08:34 Футбол
Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына қайта оралды
16 Май - 12:54 Футбол
Шымкентте УЕФА финалдарын қабылдай алатын жаңа стадион салынып жатыр
16 Май - 10:00 Футбол
Мануэль Нойер «Бавариямен» келісімшартын ұзартуға қатысты пікір айтты
15 Май - 12:37 Футбол
Түркияда «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековке жоғары баға берілді
14 Май - 11:35 Футбол
Стас Покатилов «Сабахпен» бірге Әзербайжан Кубогын жеңіп алды
14 Май - 10:11 Футбол
Роберт Левандовски маусым соңында «Барселонадан» кетеді