«ПСЖ» Ламин Ямальды алу үшін рекордтық сома ұсынбақ

Ламин Ямаль

Ламин Ямаль. Фото: ФК Барселона

Париждің «Сен-Жермен» клубы 18 жастағы «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямальды қатарға қосу арқылы футбол тарихындағы ең қымбат трансферге қол жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Goal.com порталының Роман Молинаға сілтеме жасаған ақпаратына сәйкес, француз клубы әлемдік рекордты жаңартуға дайын.

Жас ойыншының «Барселонамен» келісімі 2031 жылға дейін күшінде және оның келісімшартында 1 миллиард доллар көлемінде клаусула көрсетілген. Соған қарамастан, «ПСЖ» 2017 жылы Неймар үшін төленген 257 миллионнан асып түсетін мәміле жасау нұсқасын қарастыруда.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, париждік клуб өкілдері Ямальдың агенттерімен алдын ала байланыс орнатқан, алайда ресми түрде келіссөздердің басталғанын мойындаған жоқ. БАҚ мәліметі бойынша, трансфер сомасы 277 миллион долларға жетуі мүмкін, бұл тарихтағы ең қымбат келісім болмақ.

Қазіргі маусымда 18 жастағы Ламин Ямаль «Барселона» сапында бес матч өткізіп, екі гол соғып және үш нәтижелі пас берген. Ол Еуропадағы ең үздік жас таланттардың бірі саналады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді