Мейірім Нұрсұлтанов WBC чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

Мейирим Нурсултанов

Мейирим Нурсултанов

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жегінде WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) қолғап түйістіруі мүмкін.

WBC ұйымы Адамеске белбеуін міндетті түрде қорғауды талап етіп, оның қарсыласы ретінде Нұрсұлтановты бекітті.

Бұл ақпаратты танымал бокс сарапшылары да растап отыр, оның ішінде ESPN журналисі әрі инсайдері Сальвадор Родригес те бар. Ол WBC-дің Дмитрий Бивол мен Давид Бенавидес арасындағы жекпе-жекті де міндеттегенін атап өтті.

22 ақпанда Карлос Адамес британдық Хамза Шираспен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасып, жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталды. Соған қарамастан, чемпиондық белбеу Адаместе қалды. Айта кетейік, WBC бұл жекпе-жектің жеңімпазы міндетті түрде Нұрсұлтановпен кездесуі керек екенін алдын ала хабарлаған.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы WBC рейтингінде үшінші орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады