Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Венгрия астанасында өткен Budapest Trophy 2026 халықаралық турнирін жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. «Челленджер» санатындағы жарыс 16-18 қазан аралығында Будапештте ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасының үздік нәтижесін жасөспірімдер арасындағы бәсекеде алтыншы орын алған Карина Шеина көрсетті.
Ерлер арасындағы жеке сында Никита Кривошеев қысқа бағдарламада 61,14 ұпай жинап, аралық есепте 17-орынға орналасты. Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 110,02 ұпай алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 171,16 ұпай жинаған Кривошеев жарысты 20-орынмен аяқтады.
Әйелдер арасындағы сында Зере Сарбалина қысқа бағдарламадан кейін 39,37 ұпаймен 31-орында тұрды. Еркін бағдарламада ол 55,50 ұпай жинап, жалпы есепте 94,87 ұпайға ие болды. Бұл нәтиже Сарбалинаны 37 спортшының арасынан 36-орынға орналастырды. Ал жасөспірімдер бәсекесінде Карина Шеина қысқа бағдарламадан кейін 48,01 ұпаймен алтыншы болды. Еркін бағдарламада 81,04 ұпай жинаған қазақстандық спортшы қорытынды есепте де алтыншы орынды сақтап қалды. Оның жалпы нәтижесі – 129,05 ұпай.
Ерлер арасындағы жарыста Италия өкілі Даниэль Грассль 268,84 ұпаймен жеңіске жетті. Әйелдер арасында бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Алина Горбачева 203,35 ұпаймен бірінші орын алды. Жасөспірімдер арасында Грузия спортшысы Амалия Насыбуллина 178,69 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.



