Гауфф Соболенконы тізе бүктіріп, «Ролан Гарросты» жеңіп алды

Коко Гауфф

Коко Гауфф. Фото: Getty Images

Америкалық Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:7, 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Екі жарым сағаттан аса созылған матч Париж төрінде нағыз драмалық айқасқа айналды.

Мұндай деңгейдегі финал соңғы рет 2018 жылы тіркелген еді. Бұл жолы да рейтингтің алғашқы екі сатысында тұрған теннисшілер шын мықтыны анықтады. 21 жастағы Гауфф бұған дейін 2022 жылы да финалда ойнаған, бірақ сол кезде Ига Швентекке есе жіберген болатын. Ал бұл жолы бар күшін салып, екінші рет «Үлкен дулыға» турнирінде топ жарды.

Соболенко үшін бұл – «Ролан Гаррос» турниріндегі алғашқы финал. Алдыңғы жылы ғана жартылай финалға дейін жеткен ол бұл жолы шешуші матчқа шықты. Бірінші сетте басым түскенімен, кейінгі бөлімдерде көп қателікке бой алдырды. Қарсыласы есесін жібермей, матчтың тағдырын өз пайдасына шешіп кетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 20:11 Теннис
Кукушкин Оэйраштағы «Челленджер» турнирін сәтті бастады
20 Янв - 10:02 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
19 Янв - 12:31 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
18 Янв - 18:54 Теннис
Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты
18 Янв - 17:05 Теннис
Заңғар Нұрланұлы ITF J300 Траралгон турнирінің ширек финалына шықты
18 Янв - 15:11 Теннис
Қазақстанның Дэвис кубогындағы ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды
18 Янв - 11:29 Теннис
Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады
17 Янв - 14:11 Теннис
Александр Бублик Роттердамдағы ATP-500 турниріне қатысады
15 Янв - 09:40 Теннис
Australian Open-2026: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды
14 Янв - 16:11 Теннис
Анна Данилина теннистен Аустралияда өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін күреседі