Алькарас тағы да «Ролан Гаррос» жеңімпазы атанды

Карлос Алькарас

Фото: Anadolu via Getty Images

Франция ашық біріншілігінің финалында испандық Карлос Алькарас пен италиялық Янник Синнер күш сынасты. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Алькарас бес сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті — 4:6, 6:7 (4), 6:4, 7:6 (3), 7:6 (2). Кездесу бес жарым сағатқа созылды.

Бұл қос теннисшінің 14-ші бетпе-бет кездесуі болды. Алькарас жалпы есептегі басымдығын арттырды — 9:5.

22 жастағы испандық теннисші қатарынан екінші жыл «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды. Қазір оның еншісінде «Үлкен дулыға» санатындағы бес чемпиондық бар. Ол тек Аустралия ашық чемпионатында жеңіске жетпеген — ондағы ең үздік нәтижесі ширек финал.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 10:45 Теннис
Путинцева US Open турнирінің екінші айналымында жарыстан шығып қалды
01 Сен - 20:51 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы ең табысты теннисшілердің ондығынан көрінді
01 Сен - 17:55 Теннис
Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымындағы қарсыласын білді
31 Авг - 13:45 Теннис
Софья Кенин Винус Уильямсты жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті
31 Авг - 10:45 Теннис
Александр Бублик US Open-2026 турнирін жеңіспен бастап, екінші айналымға өтті
26 Авг - 12:05 Теннис
Данилина мен Като Монтеррейдегі WTA-500 турнирінің ширек финалына шықты
25 Авг - 08:30 Теннис
Жоао Фонсека US Open-2026 турниріне іш жарақатына байланысты қатыспайды
24 Авг - 17:55 Теннис
Александр Бублик US Open қарсаңында ATP рейтингінде екі сатыға төмендеді
24 Авг - 12:05 Теннис
Артюр Фис Цинциннатиде алғаш рет «Мастерс» турнирінде жеңіске жетті
24 Авг - 09:15 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды