Бублик «Ролан Гарростың» ширек финалында сүрінді

Александр Бублик

Фото: Getty Images

Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында Александр Бублик италиялық Янник Синнерге жол берді.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші мүлде ойын көрсете алмады. Синнер басынан-ақ басымдықты өз қолына алып, Бубликке тек бір гейм ғана ұтып алуға мүмкіндік берді – 1:6.

Екінші сетте тартыс күшейді. Александр брейкке жол бермей жақсы қарсыласты. Бірақ есеп 5:5 болғанда шешуші қателікке бой алдырды. Синнер бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, тағы бір партияны өз пайдасына шешті.

Ал соңғы сет мүлде италиялық спортшының толық бақылауында өтті. Бублик бірде-бір гейм ұта алмады. Осылайша, Александр Бубликтің «Ролан Гарростағы» жолы ширек финалмен аяқталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру